Жансай жарады

    Балуан Жансай жарап тұр. Гүржі елінде өткен дзюдо додасында жерлесіміз Жансай СМАҒҰЛОВ қола жүлдені қанжығаға бөктерді.

Тбилисиде дзюдо күресінен әлемдік Гран-При сериясының кезекті кезеңі өтуде. Мұнда жаһанның 36 елінен келген 261 бал­уан күш сынасуда.

Жарыстың екінші күнінде қазақстандық 7 дзюдошы 4 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жансай 73 келіде татамиға шықты. Сөйтіп, қола медальға қол жеткізді.

Алғашқы белдесуінде британдық Турнер Эрондуден басым түсті. Бұдан кейін украин Дмитро Канивецті иппон ұпайымен жеңді. Алайда, топтық кезеңнен шығар турда канадалық Артур Маргелидонға есе жіберді. Есесіне, жұбату белдесуінде Вант Уэстендсэмуді иппонмен ұтып, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ал, шешуші айқаста турнир қожайыны Тато Григалашвилиден мықты шықты. Нәтижесінде, бұл салмақта өзбек Гиосжан Бобаев – алтын, швейцариялық Томми Мациас – күміс медальға ие болса, ресейлік Уали Куржев пен Жансай үшінші сатыдан көрінді.

Жарайсың, Жансай!

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.