Жан-жақтылығымен баурайды
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Исмайл Галимовтың жеке көрмесі ашылды. Өнер иесінің шығармашылығы сан қырлы және қызықты. 78 жастағы автордың өнер әлемі жан иесін жан-жақтылығымен баурайды. Көп жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарған ол өзін журналист, жазушы ретінде де сынап көрген. Сұлулыққа деген құштарлық оны көркем өнер білімін алуға итермеледі.
Көрме иесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап КСРО халық ұстазы Виктор Шаталов, «Литературная газетаның» хатшысы Элеонора Гута, «Огонек» журналының корреспонденті, жүзудің капитаны Марк Баринов, сонымен қатар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Саркис Саносян және Вениамин Шамшиннің суреттерін салған. Кескіндемелік жұмыстардан, түрлі бұйымдар, отбасы архивінен тұратын көрме 26 ақпанға дейін жалғасады.
Өз тілшімізден.