Жаңалықтар

Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19КО) IBO-ның бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ж.Тұраров аталған титулдың қазіргі иегері мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9КО) кездеседі. Олардың жекпе-жегі 21 наурызда Алматыда өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бастапқыда бұл айқас 18 наурызға белгіленген еді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Алматыда өткен бұған дейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7КО) жетінші раундта нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай орта дивизиондағы IBO Inter-Continental чемпионының вакантты титулын жеңіп алды.

Алехандро Менесес болса, бүгінге дейінгі соңғы кездесуінде апсет жасаған еді – Ливерпульде (Англия) жергілікті фаворит Сэм Максвеллді (16-1, 11КО) нокаутқа түсірді. С.Максвелл кәсіпқой бокс мансабында алғаш рет жеңілді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button