Тағзым

Жан бауырмен қоштасу (Сейіл Аяғанға)

Сурет: Сейіл Аяғанның жеке мұрағатынан

Жүрек қаны қайғыдан ұйып қалды,

Сенің жолың осылай тұйықталды.

Кім айтады өзіңдей мөлдіретіп,

Құмар қанбай тыңдайтын сүйікті әнді?

Айтушы едің әніңді жүрекпенен,

Қайда қалды біз айтқан тілек деген?

Мынау жалған өмірден бізге дейін,

Кімдер келіп, Сейіл-ау, кім өтпеген?!

Сенің орның өнерде бөлек еді,

Бөлек еді, еліңе керек еді.

Қазағыңның қыздарын ғашық қылған,

Ән әлемнің сен едің Төлегені.

Әндеріңнен көңілге күй тарады,

Маңдайыңнан хор қызы сипар әлі.

Кімге тастап кеттің сен, Сейіл бауыр,

Жан серігің өмірлік гитараны?

Сені жоқтап Қызылтау қалды ауылың,

Ажал тағы сынақтың салды ауырын.

Мақшар таңда тағы да жолығармыз,

Жұмақ болсын мекенің, жан бауырым!

Төлеубай ЕРМЕКБАЕВ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button