Рухани жаңғыру

Жалпыұлттық бағдар

«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың болмысының кемелденуіне, ерекше серпіліс берген Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы әрбір азаматтың үмітін үкілеп, болашағына сеніммен қарауға түрткі болғандығы дәлелдеуі керек етпейтін ақиқатқа айналғандығы баршамызға аян. Сонымен қатар, Жолдау Елбасы мен Үкіметтің барлық тірлігінің ішкі мазмұны халық игілігіне бағытталғандығының айнасы мен дәлелі екендігін айту абзал. Әлбетте, санамызға себілген осынау алтын дәннің жемістерін ел игілігіне асыру үшін аянбай еңбек ету барша халықтың, зиялы қауымның қолдауын қажет ететін аяулы парызымыз, әлем алдындағы абыроймыздың Туы болуы тиіс.

Ұлттың тән мен жан (рух) денсаулығын толық қамтамасыз ету өте ауқымды, қиын және жауапты міндет. Бұл әсіресе, ғаламдық жаһандану мен ұлттардың дара даму арасындағы үйлестіру кезінде ойланатын шаруа. Аталмыш ұғымдар антогонистік қайшылыққа душар болмай жекеліктер мен бірлестіктер арасындағы бірлік пен күрес аясында дамуы абзал. Осы тұрғыдан алып қарағанда білім және білім беру жүйелері; жалпы, адамзаттың мәдени дамудың әрі іргетасы, әрі құрамдас бөлігі екендігін айту абзал. Бұл заманауи сұраныс білім жүйесін технологиялық (рецептуралық) модельден психологиялық (танымдық) жүйеге ауыстыру қажеттілігін туындатады. Демек, әлемдегі үрістерді білуді ғана мақсат тұтпай, өзіңді де тануға әрекетті талап қоюды аңдатады. Жалпы өзіңді-өзің танудың бес түрлі биологиялық белестері айқындалған. Олар нәрестенің ана құрсағындағы дамуы, ата сүтімен қоректену кезіңдегі даму, балалық бал дәурен сатысы (1-13 жас), жасөспірімдік кезең (13-21 жас), ересектік кезең (21-60 жас) және ұлғайған шақ (75 және одан жоғары жас). Әлбетте өзіңді-өзің тану процесінің үздіксіз болып, фәни мен бақидің ортасын түгелдей қамтитынын мойындатады. Осы биологиялық даму сатылары әлеуметтік орта мен тығыз байланыста болғандықтан, осы өрістерге ықпал ететін және қамтамасыз ететін космо-биологиялық құбылыстармен тікелей байланыста болады.
Суретте көрсетілген өрістерді меңгеру арқылы саналы адамды (Homo sapiens) саналы ету әдістемесін, кейбір білім саласындағы озық ойлармен ұштастыру үшін біз валеотехнология ұғымын ұсынған болатынбыз. Бұл ұғым бойынша пострансформациялық қоғам жағдайында білім беру технологияларының басымды педагогикалық тетіктері мен болашағы ретінде ойлау жүйесін валеологизациялау қағидаты алғышарт болып табылады. Валеология ұғымы, қазіргі жалпы түсініктегідей денсаулық туралы ілім емес. Оның ауқымы әлдеқайда кең және терең. Дұрысы бұл түсінік «валидный» сөзінен шығатын қатынастар арасындағы сәйкестікті аңдатады. Демек, сәйкестік бар жерде түсіністік, сыйластық, оңтайлылық, үйлесімділік, ізгілік сияқты құңдылықтар түлейді. Жалпы алғанда қоғамдық, даралық (жеке бастық), экологиялық, экономикалық «денсаулық» қалыптасады деуге болады.
Бүгінгі таңда адамзат қауымының рухани-тәлімдік тұрғыда өзінің өткенінен айырыла бастауы (әрине барлығынан емес) кімді де болса қатты толғаңдырады. Мысалы, өмірдің әр саласындағы оның ішінде, білім жүйесіндегі супер-жұлдыз бағдарламалардың бұқаралығының ой мен рух бәйтеректерінің (Конфуций, Шекспир, Гете, Абай, Шәкәрім, Шоқан, Мұхтар, Қаныш, Ахмет, Евней, Ыбырай және басқалары) өнегесінен артық болуы қорқынышты ғана емес, қоғамның айрықша сырқат екендігі көзі қарақты қауымға мәлім. Әлбетте, басқа салалар сияқты білім-ғылымды дамытуда да бірінші кезекте діни – философиялық, мәдени-танымдық нысандардың қойылғаны абзал. Өйткені бұл құндылықтар адамзат парасаттылығының сабақтастығы екендігі ақиқат. Білім, ұмытпайық, тарихи категория. Бұл орайда білімділік білім емес, ғибраттылық білім екендігін есте ұстаған абзал.
Алғашқы зайырлы мемлекетті құрған Мұхаммет (с.а.с.) пайғамдардан «Сіз дүниеде ең әуелі нені жоғары қояр едіңіз?» – дегенде, ол «ілімді жоғары қоямын. Ілім иманды ғибратқа апаратын жол, жасампаздық»,– деген екен.
Абай мен Шәкәрім сауалдарынан туыңдайтын заман өткен сайын адамның адамшылығы туралы мәселеге байланысты Елбасы былтыр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», ал биыл «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін паш етті. Екі бағдарламаны да Қазақстан халқы терең толғанысқа толы ой және жалпыұлттық бағдар деп қабылдады.
Осы жалпыхалықтық бағдарламаларды іске асыруда жоғарғы оқу орындарының маңызының ерекше екендігі баршаға аян. Осы жоғарғы білім ордаларының қатарында еліміздің тәуелсіздігімен қатар іргетасын көтерген «Тұран-Астана» университеті де бар. Басқа оқу орындарындай университет көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Оларға Қазақстан туристік индустриясын дамытуға арналған республикалық және халықаралық проектер, студенттер мен магистранттардың креативтік ойлау жүйесін қалыптастыратын метадологиялар негіздеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын айту қажет. Білім беру және ғылым саласында Президенттің жалпы ұлттық бағдарламасына орай барлық оқу орындары сияқты университеттің басты миссиясы әділетті, адал ниетті және ойшыл, өз ұлтының мүддесінің патриоты, жалпы адамзаттық құндылықтарды игерген мамандар дайындау болып табылады. Пендеуи рационализм мен эмперизмдердің уақытша шатасулар екендігін зерделеген университет ұжымы мамандарды даярлау мен тәрбиелеу жолында төмендегідей қағидаттарды басшылыққа алуға ұмтылыстар жасауда. Олар болашақ мамандардың мойынына дұрыс шешім – өз жолын табу және ұмтылыстарына шек қоя білуді қабылдау; дұрыс сөз – сөз зұлымдығына жол бермеу, жақсы сөз – жарым ырыс екендігін мойындау; дұрыс іс – бес нәрсеге ашық болу, бес нәрседен қашық болу (Абай) талабына түсіну; дұрыс ой – жаман ойдан аулақ болу, мінезін игеру, дұрыс ниеттену; пейілдену – зұлымдық ниеттен аулақ болуды басты мақсат етіп қою; дұрыс пайымдау – ақиқат жолындағы ізденістерін терендету, ойды шынықтыру, «болмасаң да ұқсап бағуға» (Абай) ұмтылу қағидаттарын егуге арналған. Біздің пайымдауымызша, осы талаптар ұлтымыздың рухани жаңғыруын қамтамасыз ететін, кәсіби қаруланған көркем Тұлғаларды дайындауға мүмкіндік ашпақ.

Нұркен МАРЗАХАНҰЛЫ,
Педагогика ғылымдары
академиясының
толық мүшесі,
Халықаралық
Вена университетінің
құрметті профессоры,
биология ғылымдарының докторы, профессор.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button