Жалғыз шайба жеңіс сыйлады
Плей-офф кезеңінің үшінші матчында Чеховтың «Звезда» командасымен кездескен «сарыарқалықтар» 0:1 есебімен жеңіске жетті.
«Сарыарқа» хоккей командасы үшін ойынның екінші кезеңі сәтті болды. Қарағандылық Михаил Анисин жалғыз шайбаны тоғытып, топ бастады. Қарсыластар алма-кезек шабуылдап, бірнеше қауіпті соққылар жасады. Десек те, шешуші сәтте мүлт кетіп, қарымта шабуылдардан нәтиже болмады.
Плей-офф кезеңінің төртінші матчында «Звезда» командасымен «Сарыарқа» командасы қайта бақ сынайды.
Нұрдос КӘРІМ