Жаңалықтар
Жалған дегенің осы да…

Аңқылдап кештерге кіре салатын,
Жайсаң мінезі жарқылдап.
Мұң меңдеп тұрса да
күле салатын,
Сәлемдеспейтін салқындап…
Өлең жаздым деп
өңмендемейтін,
Төрден демейтін орыным.
Жүрегіндегі шерменде кейпін,
Тағдырым дейтін, өмірім.
«Ақындарымның төресі дейтін,
Төрелерімнің ақыны.
Қане бір жырға бөлеші дейтін,
Кездесіп қаппыз ақыры…»
Мөп-мөлдір жырдың тұнығы
деуші ек,
Тыңдаушы ек жырын кіл ұйып.
Бала сияқты қылығы деуші ек,
Періште деуші ек, жымиып.
Асығып сен де кете бардың-ау,
Сейіл,
Сәттібай досыңа…
Жанардан мөлт-мөлт
ете қалдың-ау,
Жалған дегенің осы да…
Мирас АСАН