Жаңаарқа

Жаңаарқада екі балабақша ашылды

Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде “Балауса” және “Дәрия” деп аталатын екі жаңа балабақша ашылды. Олар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша ашылған.

“Балауса” балабақшасының ерекшелігі – кешкілік уақытта қызмет көрсетеді, сонымен қатар, демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Балабақша қызметкерлері баланы үйге алып кете алады. Мектепке дейінгі мекеме 100 орынға есептелген. Аталған мекеменің ашылуы 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
– Жобаның құнын құраған 30 миллион теңгенің 5 миллионы – өз қаражатым, ал, қалған соманы “Даму” Қорынан несиеге алдым, – дейді “Балауса” балабақшасының құрылтайшысы Бағдат Бекежанова.
60 орынға есептелген екінші жаңа балабақшаның құны 30 миллион теңге. Бұл – құрылтайшы Әсем Орманалиеваның өз қаражаты.
– Балаларды дамыту – ел дамуының маңызды шарттарының бірі. Жарқын болашақтың кепілі жас жеткіншектерді мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында “Дәрия” балабақшасы өмірге келді, – деді Әсем Орманалиева жаңа нысанның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Басқа материалдар

Back to top button