Жаңаарқа

Жаңа жылда – жаңа баспана

     Жаңа жыл мерекесінде Жаңаарқа ауданының бір топ тұрғыны баспанаға қол жеткізді.

Аудан əкімі Юржан Бекқожин тұрмысы төмен отбасылардың, жетім балалардың, апаттық жағдайдағы тұрғын үй иелерінің және мемлекеттік қызметшілердің игілігіне тұрғызылған көппəтерлі тұрғын үй кілттерін 16 отбасыға табыстады.

Бұл тұрғын үй «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа республикалық және жергілікті бюджеттен 86,4 млн. теңге бөлінді. Жалпы ауданы – 962 шаршы метр.

Жаңа жылда жаңа баспанаға ие болған аудан тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекке ризалығын жеткізіп, аудан басшылығына алғыстарын білдірді.

Мұндай игі іс Жаңаарқа ауданында 2018 жылы да жалғасын табады деп көзделуде. «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып,  бүгінде ауданда 4 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. «Жаңа нұр» тұрғын үй алабындағы баспаналар келесі жылы кезекте тұрған азаматтарға берілмек.

 

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button