Жаңалықтар

“Жаңа жобалар – бір күндік акция емес”

Қарағанды қаласында «Бастауыш партия ұйымдарының» алғашқы аймақтық форумы өтті. Саяси партия жұмысын жетілдіруге арналған жиынға облыстағы ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, Астана, Алматы қалаларының және Қостанай облысының аумақтық филиалдарының төраға орынбасарлары жиналды.

Форум жұмысын «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның саяси кеңесінің отырысында партиямызды жүйелі жаңғыртуы керектігін айтқан болатын. Бүгін осы мәселе аясында жиналып отырмыз. Партия қызметін жаңғырту шеңберінде қолға алынған цифрландыруды жүзеге асыру, кадрлық резервті қалыптастыру, жастар саясатын жетілдіру жұмысына қатысты жаңа тұжырымдама бойынша бірнеше секцияға бөлініп, тал қылау жүргіземіз, – деді Тамара Дүйсенова.

Фоурм жұмысы төрт секция бойынша жүрді.

Бірінші секция партия хатшысы Тамара Дүйсенованың қатысуымен өтіп, бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру тұжырымдамасы талқыланды. Қатысушылар партия қызметтерін цифрландыруға, оның мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын азайтуға және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған «Сандық партия» жобасымен танысты.

Алматы қаласынан келген «Игілік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Меруерт Айтенованың айтуынша, қазір қағазбастылық толығымен жойылған. Партия ұйымдары құжат айналымында интернет мүмкіндігін кеңінен пайдаланып келеді. Осылайша, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының сәтті жүзеге асуына үлес қосуда.

Екінші секцияда партиялық білім беру жүйесін жетілдіру және БПҰ мен партия мүшелері қызметінің белсенділігін арттыру тұжырымдамасы талданды.

Үшінші секцияда партияның идеологиялық жобалары, цифрландыруға, халықтың сандық сауаттылығын арттыруға, үш тілділікке көшу, шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік жастар саясаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдауға бағытталған 22 жаңа жобаны жүзеге асырудың формалары мен әдістері талқыланды.

– Жаңа жобалар – бір күндік акция немесе кеңселік шаралар емес, партияның еңбегі. Бұл жобалардың нәтижесінде қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысы жақсару тиіс, – дейді Тамара Дүйсенова.

Төртінші секцияның жұмысы адам ресурстарын басқару мен партияның кадрлық резервін қалыптастыру, бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелерінің деректер базасының белсенділігін арттыру, БПҰ жұмысын ынталандыру мен жетілдіру мақсатында бағалау жүйесін енгізу мәселелеріне бағытталды.

– Бастауыш партия ұйымының әр мүшесі партиялық кадрлық резервке ену арқылы елге пайдалы жұмыс атқаруға мүмкіндік алады. Партияның қарапайым мүшесін жауапты орынға бекіту үшін ол арнайы оқу курсынан өтеді. Халықпен араласу, сөйлеу мәдениетін меңгереді, – дейді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов.

Аймақтық форум шеңберінде «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының құрылымдық бөліністерінің жетекшілері, партияның Саяси менеджмент академиясының оқытушылары, танымал тренерлер мен саясаткерлер қатысушыларға «Шешендік өнер», «Саяси коммуникация» тақырыптары бойынша тренингтер өткізді.

 Партия ұйымдарының аймақтық форумы еліміздің төрт өңірінде өтеді. Форум 22-23 тамыз күндері Шымкент қаласында бастау алып, Қарағанды қаласында жалғасын тапты. Енді солтүстік және батыс өңірлерде ұйымдастырылмақ. Әр өңірден қатысқан Бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері Астана қаласында өтетін республикалық форумда жарияланады.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button