Жаңа жинақ – жан азығы
25 мамыр сағат 11.00-де Н.Гоголь атындағы орталық әмбебап-ғылыми кітапханада белгілі өлкетанушы, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Тұңғышбай Мұқанның «Үш арыстың ауылынанбыз» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтеді. Тұсаукесерге аймағымызға белгілі ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

– Алаштың үш арысы Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев дүниеге келген Ақтоғай өңірі – тұнып тұрған тарих. Бұл жерде тарихи мұралардың өте көп кездесуі Ақтоғайдың ежелден тіршілікке қолайлы өркениет ошағы болғанын айғақтайды. Бұған дейін Ақтоғай ауданының тарихы, Алаш қайраткерлері, аудан өнерпаздары туралы бес кітап жазып, құрастырған болатынмын. Тұсауы кесілгелі отырған жаңа жинақты қорытынды дүние деп айтуға болар,- дейді кітап авторы, «Құрмет» орденінің иегері Тұңғышбай Өміртайұлы.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.