Жаңалықтар

Жаңа сайлау учаскесінде жұмыс қарқынды

«Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында жаңадан ашылған №805 сайлау учаскесінде сайлау науқаны қызу өтуде. Дәл осы учаскеге келіп Күнгей шағын ауданы сайлаушылары өз таңдауларын жасауда.

– Бұл сайлау учаскесі Күнгей шағын ауданының 692 сайлаушысына арналып ашылды. Таңертең бірінші келіп дауыс берген Оспанова Қаламқас апайымыз болды. Науқанға қатысушылардың басым бөлігі орта жастағы адам. Белсенділік жоғары. Сонымен қатар, учаскеде партиялардың байқаушылары мен үміткерлердің сенімді өкілдері отыр. Барлығы заң аясында жұмыс жасап отыр, ешқандай қателіктер орын алған жоқ, – дейді, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанагүл Жұманбай.

«Учаскенің бұл науқанға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Комиссия мүшелері де сыпайы жандар екен. Қарапайымдылық пен тыныштық орнаған ортада өзімнің таңдауымды жасауға толық мүмкіндігім болды. Бастысы, халықтың қамын ойлайтын азаматтың өткені дұрыс қой» деп дән риза Науша апа.

Сағыныш ӘБІЛ,

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button