Жаңа орталық жұмысын бастады
Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан ауданында №3 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығы ашылды. Мұнда туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар тексеруден өтіп, кеңес ала алады. Жаңа орталық Сұрыптау мен Майқұдықтың 50 мың тұрғынын қабылдауға қауқарлы.
– Біз ерекше балаларды қарап, оларды түзету кабинетіне немесе балабақшаға, мектепке, инклюзивті сыныпқа болмаса, арнайы мектеп-интернаттарына жібереміз. Әр баламен жұмыс істеген күні соңында қорытынды жасаймыз. Әрі ата-аналарына да кеңес береміз. Бұл орталық ашылғалы ата-аналардың үстінен ауыр жүк түсті. Осы ауданда ерекше білім беру қажеттіліктері бар және түрлі мінез-құлқы бұзылған балалар бар. Оларға қалаға немесе Оңтүстік-Шығысқа бару өте қиын. Ал, ол жаққа жеткенше шаршап қалады. Соның салдарынан алған емі ойдағыдай бола бермейді, – дейді №3 ПМПК басшысы Арайлы Бейсенбаева.
Жаңа орталықта балаларға барлық жағдай жасалған. Пандустар қойылып, табалдырықтар алынып тасталған. Тактильді жолдар орнатылып, арнайы тұтқалар қойылған.
Сонымен қатар, психолог, дефектолог, логопед, сурдопедагог және әлеуметтік педагог сынды мамандар жеткілікті.
Әртүрлі жастағы балалар үшін мамандандырылған кабинет пен толық тексеруге арналған жабдықтар қарастырылған.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz