Жаңаарқа

Жаңа нысан – жұрт игілігіне

    Тұңғыш Президент күні қарсаңында Жаңаарқа ауданындағы Ақтау ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат ҚОЖЫҚАЕВ қатысты.

Аудан басшысының міндетін атқарушымен бірге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Бауыржан Бадылбаев пен ауыл тұрғыны Мәнсүр Әбдіғалымов  бекеттің лентасын қиды.

Ақтау ауылы – өрт қаупі жоғары аймақтардың бірі. Аудан орталығынан 135 шақырым шалғайда жатқан Ақтау ауылы таулы және жазық да­лалы жерде орналасқан. Сон­дықтан, бұл аймақта өрт деректері жиі тіркелетін. Енді, оқыс оқиға өрбіген жағдайда халық аудан орталығынан келетін бригадасын сарылып күтпейді. Ол үшін арнайы қызмет жасағы әзір тұр.

Аудандық бюджеттен  бө­лінген 4 млн. теңгеден астам қаржыға өрт сөндіру бекеті қа­жетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ақтаулықтарға облыстық төтенше жағдайлар департаменті «ЗиЛ» маркалы өрт сөндіру техникасын тарту етті.

Бекетте 6 адам жұмыспен қамтылды. Қызметкерлердің бар­лығы арнайы курстан өткен мамандар.

Индира АСАМИДАНОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button