Жаңалықтар

Жаңа мекенжайға мобильді қосымша арқылы тіркеуге тұруға болады

Мобильді қосымша арқылы тұрғылықты жер мен уақытша мекенжай бойынша тіркеу рәсімдеуге болады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Цифрлық даму, Әділет министрліктерімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді өз смартфоныңыздың экранында және осы банктің қосымшасында тұрғылықты жеріңіз бен мекенжай бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдей аласыз. Бұл қызмет өзіңізді, балаларыңызды, пәтеріңіздегі басқа адамдарды тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға мүмкіндік береді, – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн-брифингісінде.

Оның айтуынша, тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде анықталады.

– Бұл қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фотоверификациядан өту керек, ол сіздің атыңыздан қызметті ешкім пайдалана алмайтынына кепілдік береді. Азаматтарға смартфонда көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару сияқты сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер қолжетімді, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button