Жаңа әліпби қолдауға ие
Кеше М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана филиалында «Қорғау қызметі» ЖШС ұжымымен бірлесе отырып «Қазақ алфавитінің реформасы» атты пікірталас сағаты өтті.
Пікірталаста қазіргі кезеңдегі өзекті мәселенің бірі – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін талқылау, азаматтарды Президент Жарлығымен бекітілген жаңа әліпбимен таныстыру шаралары жүргізілді.
Қатысушылар шара басында қызу пікір таластыра отырып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – ұлттық тілдің ұстанымын, ерекшеліктерін сақтайды және ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік пен бәсекеге қабілеттілікті нығайта түседі деген ортақ түйінге келді. Шара барысында «Қазақ алфавитінің реформасы» атты үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ әліпбиінің ықылым заманнан бергі тарихына қатысты мәліметтер көрсетілді.
Өз тілшімізден.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.