Жаңа купюрада – жасампаз көшбасшы

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жаңа 10 мың теңгелік банкнотқа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бейнесі басылмақ. Бұл туралы Астанада өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» тақырыбындағы конференцияда Ұлттық банк төрағасы Данияр АҚЫШЕВ мәлімдеді.

Жуырда Елордамызда Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа мерейтойлық 10 000 теңгенің таныстырылымы өтті. Ресми xабарламада атап өткендей, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – xалықты ұйыстыра білген Ұлт көшбасшының жетекшілігімен Қазақстанның жүріп өткен жолын паш ететін үлкен оқиға. Мемлекет басшысының реформалары арқасында Қазақ­станның қаржылық жүйесі аймақта оқ бойы озық тұр және әлемдік талаптарға сай келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы елі­міздің жеңісті жетістіктері мен тегеурінді табыстары – Президентіміздің ерен ең­бе­­гінің нәтижесі. Елбасы дидары бейнелеген бұл жолғы мерейтойлық банкнот Нұр­сұлтан Назарбаевтың жалпы­xалықтық көшбасшы екенін тағы бір мәрте көрсетіп, ұлт­тық валютаның дамуындағы ма­ңыз­ды кезеңді аңғартқандай.

Жаңа купюра 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай шектеулі таралыммен бас­тырылады.

Мирас АСАН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.