АймақШет

Жаңа ғимарат ел игілігіне берілді

Шет ауданындағы жедел медициналық жәрдем пунктінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді. Жөндеуден кейін мұнда қосымша фельдшерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне арналған демалыс және тамақтану бөлмесі ашылған. Және дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған арнайы бөлме де ашылып, іші қажетті жабдықтармен жабдықталды.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Аталмыш пункт ұзақ жылдар бойы апатты жағдайда тұрған. Бұған дейін қызметкерлері аудандық ауруханадағы станционарлық блоктың екі бөлмесінде жұмыс істеп келген. Өткен жылы екі қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

– Ғимараттың ауданы шамамен 1500 шаршы метр. Жедел жәрдем және басқа да көмекші қызметтердің қызметкерлерін бірінші қабатқа орналастыру туралы шешім қабылданды. Ал, екінші қабатта біз жеке кіреберіс жасап, жас мамандарға арналған төрт пәтерді жабдықтадық, – дейді Шет аудандық ауруханасының директоры Алпыс Аманжолов.

Жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жаңа ғимаратқа санэпидемиологтар да көшті. Сондай-ақ, күндізгі стационар мен массаж бөлмесі бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button