Жаңа дәуір оқулығы
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», — деп атап айтты. Ал алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алу үшін білім мен ғылымды дамыту аса маңызды. Осыны басты назарда ұстаған Елбасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ұсынды. Бүгінгі таңда айтулы жоба аясында әлемнің ең таңдаулы 18 оқулығы түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып отыр. Оқырманға ой салып, зейінін ашатын, қабілет-қарымын дамытатын бұл оқулықтардың берері мол.
Аталған кітаптардың ішінде инженер, экономист, профессор Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты интеллектуалдық еңбегі – ғылым мен техника қарыштап дамыған ХХІ ғасыр адамына ауадай қажет оқулық. Кітап инновация мен цифрландыру, медицина мен биотехнология, экономика, бизнес, құқық пен әлеуметтік психология және техника салаларын кеңінен қамти отырып, адам өміріне және жаһандық дамуға әкелетін өзгерістерді ғылыми тұрғыда сипаттаған. Бұл бағыттар: импланттық технологиялар, біздің цифрлық технологияға қатысуымыз, цифрлық көру (vision) жаңа интерфейс ретінде, смарт интернет, жаппай компьютерлендіру, қалтаңыздағы суперкомпьютер, ортақ ақпарат қоймасы (storage), интернетті бұйымдар және бұйымдар интернеті, желіге қосылған үй, ақылды қалалар, шешім қабылдауға қажетті ауқымды мәліметтер (BIG DATA), автономды көліктер, жасанды интеллект және шешім қабылдау, жасанды интеллект және ақ жағалылар кәсібі, робототехника және сервистер, Bitcoin және blockchain, бірлесе тұтыну экономикасы, үкіметтер және blockchain, 3D басып шығару және өндіріс, 3D басып шығару және денсаулық сақтау, 3D басып шығару және тұтыну тауарлары, жобаланған тіршілік иелері (designer beings), нейротехнологиялар.
Бүгінде бізге белгілі импланттық технологиялардың адам өміріне әсер ететін медицина саласындағы жаңашылдықтары: әр адамның күнделікті денсаулығындағы көрсеткіштерінің, олар қан қысымы, қант көрсеткіштері, холестерин, жүрек соғысының қашықтықтан дәрігерлердің бақылауында болуы, осының нәтижесінде оңтайлы медициналық шешімдер қабылдау.
Әрине, әрбір жаңашылдықтың оң ықпалымен қатар теріс ықпалы да болатындығы сөзсіз. Мысалы, жеке өмірге қолсұғушылық/әлеуетті бақылау. Сонымен қатар, деректер қауіпсіздігі деңгейінің төмендеуі. Ал артықшылықтарына тоқталсақ, «Bitcoin және blockchain» қаржы экономика саласына дендеп еніп келе жатқаны айдан анық. Біріншісі – электронды төлем жүйесі болса, екіншісі – ақпараттық мазмұны бар белгілі ережемен тіркесе түзілген ретті блоктар тізбесі; Робототехника және сервистер. Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша 1,1 млн. робот жұмыс істейді. Автомобиль құрастырудың 80%-ын роботтар атқарады; 3D басып шығару және өндіріс. Бұл құралдың көмегімен өндіріс саласын бірнеше есе арттыруға болады. Сапасы мен физикалық, техникалық көрсеткіштері қатесіз орындалады; Төртінші индустриялық революцияның басталып кеткенін біз келесі бүкіл әлемге белгілі компаниялардың осы салада жұмыс істеуінен білеміз. Олар: Aliba Group, Amazon Mechanical Turk, WhatsApp, General Electric Company, Google Inc, iPhone, т.б.
Кітаптың екі ерекшелігін атап өтуге болады. Біріншіден, индустриялық дамудың нәтижесінде қоғамда пайда болатын қарама-қайшылықтарды немесе оң ықпалы мен теріс ықпалдарын жеке-жеке зерттеуге тура келеді, бұл келесі ғылымдарға, ғалымдарға жаңа бағыттар; әрбір жаңашылдықтың құқық саласында қорғалуы, мемлекеттің құқық саласын дамытуы, экономика қаржы саласының ғылымы, әлеуметтік-психологиялық ғылымдар, медицина-биотехнология саласы жаңа зерттеулерді қажет етеді. Екіншіден, ХХІ ғасырдың жаңашыл, ойшыл, инновацияны игерген жастарына алдағы уақытта дамудың бағыт-бағдарын көрсетеді. Бизнесті, адами капиталдың деңгейін анықтайды. Бәсекелестікке дайын болу үшін осы бағыттарды біздің жастарымыз тез және сапалы игеруі керек.
Дәулет Әлібиев,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті,
математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы.