Қарағанды

Жаңа бағдарлама – жасампаздық негізі

Бүгінгі таңда мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетуде және алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім атқарады. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту мен оқу үдерісінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетуде.

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы», АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру институтында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (базалық) деңгейлік курсын өткізді. 2012 жылдан бастап «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасына ұластырды.

Сапалы да мазмұнды сабақ өткізу үлкен жауапкершілікті талап ететіні белгілі және үлкен еңбектің жемісі. Заманауи өзгерістерге байланысты қазір жаңа талаптар қойылуда. Деңгейлік курсты өзіміздің өтуіміз және осы бағдарламамен мұғалімдерді оқыту біз үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Курсты өткізу кезінде мұғалімдердің алған теориялық білімдерін, мектептегі тәжірибелік кезеңде зерттеу нәтижелері жеті модульге байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде практикамен ұштастырған өте тиімді екендігіне көз жетуде. Курс бағдарламасы оқуды мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде шынайылылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде қарастыра отырып, өсудің адами әлеуетін «Мен» тұжырымдамасына сүйене отырып қарастырады. Когнитивті және аффективті компоненттердің үйлесуі мұғалімдердің өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтік стимул тудырады. Мұғалімдер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрене отырып, талқылау жасап, өз тәжірибесінде қолдана алу деңгейіне жетеді. Мұғалімнің кәсіби өсуін қолдау мақсатында сыртқы және ішкі өсуге ықпал етуге қадам жасалып, кедергілерді жеңе отырып жұмыс жасалады.

Мұғалімдер сенім, көзқарас, шешім қабылдай алып, оқушыларды өзгермелі өмірге дайындауда өздері де өзгеруге дайын болулары үшін үздіксіз іздену керектігін курс кезінде іс-әрекет барысында түйсінеді. Алдымызда қиындығы мен жауапкершілікті қажет ететін сан алуан соқпақтар болуы мүмкін. Соның бәрінен сүрінбей өтіп, әр мұғалім бағдарлама идеясын мектеп тәжірибесіне енгізу арқылы ғылымға өз үлесін қосады.

Ф. ЕРМАҒАНБЕТОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облыстық филиалының педагог біліктілігін арттыру институты

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button