Жаңалықтар

Жаңа Қазақстанның жарқын қадамы

Бүгін Ата заңымызгда көрсетілген азаматтық құқығымды пайдаланып, елдің бірлігі мен болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Аллаға шүкір, қазір елімізде оң өзгерістер орын алып, игі бастамалардың нәтижесін көре бастадық. Азаматтық қоғам орнай бастағанын халық сезіп отыр.

Бүгінгі сайлау жұртымызды ортақ мақсатқа біріктіретін науқан болады деп сенеміз. Байқап қарасақ, соңғы кездері сайлауға қатысып, өз таңдауын жасап жүрген жұрттың қатары көбейді. Біз мұны елдің ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтардың қатары көбейгенінің белгісі деп білеміз. Сенім мен үміт бар жерде өркендеу, даму болатыны ақиқат.

Бүгін Қазақстан азаматтары Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына лайықты азаматтарға дауыс беретіні ақиқат. Халық мүддесі мен мемлекетіміздің дамуына қызмет ететін лайықты тұлғалар ғана заң шығаратын, шешім қабылданатын маңызды орындарда отыруы керек деп санаймыз. Сол үшін сайлауға барып, таңдау жасау өте маңызды іс деп есептеймін.

Ар мен ұятты, намыс пен әділдікті ту еткен лайықты тұлғалар, елдің ертеңіне жаны ашитын жанашыр азаматтар ғана Мәжіліс пен мәслихат төрінен орын алса, мемлекетіміздің мәртебесі артып, өзге елдермен терезесі тең болады деп сенеміз.

Алла Тағала халқымыздың тілеуін қабыл етіп, болашағымызды жарқын еткей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Мемлекетіміз әрқашан өркендей берсін. Әмин!

Естай ӘБДІҒАЛИЕВ,

ҚМДБ Қарағанды облысындағы өкіл имамы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button