Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алуға талап күшейді

Елде жүргізуші куәлігін алу талабы күшеймек. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтып берді.

Қазір жүргізушілерді онлайн оқытуды тоқтату мәселесі талқыланып жатыр. Шешім ғылыми негізге сүйеніп, қабылдануға тиіс. Онлайн оқытуды бірден алып тастау қарсылық тудыруы мүмкін. Жүргізуші куәлігін беру бойынша талапты күшейтеміз. Емтиханды бөгде кісілердің тапсыру дерегі тіркелді. Сондықтан мәселені біржақты емес, кешенді түрде қарастыру керек, деді Марат Ахметжанов.

Министр жүргізушілерді онлайн оқыту жүйесін қалдыру қажет екендігін айтады. Алайда, мәселе әлі талқылануда.  

– Себебі, орталыққа барып оқу бәріне ыңғайлы емес. Алайда, талапты бұзғандарға неғұрлым қатаң шаралар қабылданады. Сондай-ақ, көліктерді техникалық байқаудан өткізу мәселесі, шетелдік автомобильдерді заңдастыру аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады, – деді министр.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button