АймақШет

Жұмыскер ауылында шағын спорт кешені ашылды

Шет ауданы Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылындағы ескі ғимарат ауыл тұрғындарының қолдауымен жөнделіп, спорт нысаны ретінде қайта жаңартылды. Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қарсембаев спорт кешеніне қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, спорт нысанының ашылуын қолдаған ауыл тұрғындарына алғыс хаттар мен кәдесыйлар табыс етті.

– Жалпы, соңғы жылдары біздің ауданда демеушілердің қолдауымен бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ауылда ашылған шағын спорт кешені алдыңғы игі істердің лайықты жалғасы болып табылады. Жұмыскерде жастар спортпен шұғылдану үшін ғимарат сұрады. Қазір ауыл тұрғындарының қолдауымен сұранысты жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Өткен жылы аудандық бюджеттен ғимаратты қайта жаңартуды толық аяқтауға 2 млн теңге бөлінді.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, қосымша штаттық бірлік бөлді. Сондай-ақ, күрес секциясы облыстық спорт басқармасы бөлген бір қызметкермен толықтырылды. Нысанда ауылдың алты тұрғыны тұрақты жұмыс істейтін болады, – дейді Дәурен Қарсембаев.

Сондай-ақ, «Матан» ЖШС-нен бокс клубына құрал-жабдықтар сыйға тартылды. Спорт кешенінде күрес, бокс, ауыр атлетика, тенниспен айналысуға болады, және фитнес те бар.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button