«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі – еліміздегі маңызды деген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жол ашатын – үлкен жоба. Барша қазақстандықтар оны қуанышпен қабылдады.


Елбасының әрбір отбасын баспанамен қамтамасыз ету, еңбекақыны салықты азайту арқылы көтеру, терең білім алуға жағдай жасау, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықты газбен толық қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік бастамалары үлкен қолдауға ие болды. Елбасы көтерілген бағыттардың барлығы есептеліп, алдын ала жоспарланғандығын айтты. Сол себепті де оларды жүзеге асыруда ешқандай кедергі болмайды. «Бұл елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оптимистік жоба» деген Елбасы сөзі бастамалардың елдің болашағына арналған кең көлемді әлеуметтік жобалар екендігін көрсетеді.
Президенттің студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, оқу гранттарын көбейту жөніндегі бастамалары жастармен қатар, ата-аналарды да қуанышқа бөледі. Елбасы осы арқылы ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлетіндігін тағы да нақтылай түсті. Балаларымыздың жақсы білім алып, өмірден өз орындарын табарына біз де сенімдіміз.
Бастамалардың бесеуі де халықтың қажетін өтеп, өмір сүру деңгейін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға арналған. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әр азамат Елбасы тапсырмаларын орындауда өзіндік үлестерін қосар болса, жетістікке жетеріміз анық.

Г.ӘДУОВА,
кітапханашы.
ШЕТ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.