Спорт

Жүлде жолындағы тартысты бәсеке жалғасуда

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей» клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ойынын өткізді. Жерлестер сырт алаңда «Ақтөбе» клубымен екі мәрте кездесті. Алғашқы ойынында жерлестер жеңіске жетсе, екіншісінде алаң иелерінің мерейі үстем болды. Осылайша сериядағы есеп – 1:1. Бұл серия бір команда төрт кездесуде жеңіске жеткенге дейін жалғаспақ.

Суреттер: «Ақтөбе» клубының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қарағандылықтар бірінші кездесуінде алаң иелерінен 1:3 есебімен басым түсті. Алғашқы шайба 11-ші минутта салынды. Шайба авторы – Александр Коннов.

22-ші минутта Дмитрий Стулов көзге түсіп, есепті еселеді. Десе де қарсыластар қарымта шабуыл ұйымдастырып, 23-ші минутта есеп алшақтығын қысқартты. Есеп – 1:2.

Араға 3 минут салып Никина Баженов есепті 1:3-ке жеткізді. Үшінші айналымда таблодағы көрсеткіш өзгермеді.

Ал, қарымта кездесуде жерлестердің асығы алшысынан түспеді. Қос команда алғашқы айналымда есеп аша алмағанымен, бір-біріне лайық қарсылас екендіктерін көрсетті.

Алаң қожайындары сапынан 7-ші минутта – Герман Шапорев, 10-шы минутта – Владислав Плотников есеп ашты. 14-ші минутта қарағандылықтар сапынан Евгений Григоренко есеп алшақтығын қысқартты. Тіпті, 46-шы минутта Тимур Шингареев таразы басын теңестірді.

Дегенмен, жерлестер овертайм уақытында қарсыластарынан айласын асыра алмады. Алаң иелері сапынан Владислав Арбузов мергендігімен көзге түсті. Осылайша бұл кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button