АймақЖаңалықтар

Жүк көлігі жанып кетті

Бүгін қаладағы шағын аудандардың бірінде жүк көлігі өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше зардап шеккендер жоқ.

Сурет:ТЖД

– Ә.Бөкейхан атындағы ауданда сағат 05:13-те 2 шаршы метр аумақта «Газель» жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде жанғыш бөлшектер өртенді. Өрт таңғы сағат 05:34-те ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button