Қаражал

Жәйремдегі жарқын күн

Металлург күні – жәйремдіктер үшін айтулы мереке. Себебі, кентімізде жергілікті жалғыз өндіріс ошағы «Жәйрем кен байыту комбинаты» Акционерлік қоғамымен тағдырын байланыстырмаған бірде-бір отбасыны табу өте қиын.

Биылғы мерекелік жиында сөз алған «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма Төрағасы А.Бурковский және Өндіріс бойынша атқарушы директор Д.Әбдіраманов жәйремдік металлургтердің өндірісте атқарып жүрген адал еңбектеріне үлкен алғыс білдіре отырып, ақ тілектерін арнады. Көпбосын Асқаров («Батыс» кеніші), Кенесары Қожабеков («Үшқатын» кеніші, Жанкелді Ибраевқа («Үшқатын» кеніші) ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін, Валентин Шевчукқа (Тау-кен көліктер цехы) І дәрежелі «Кенші даңқы» төс белгісін, Талғатбек Баповқа (Марганец байыту фабрикасы), Қайрат Жұмашевқа (Байыту фабрикасы) және Жандос Смайловқа (Тау-кен көліктер цехы) ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық төсбелгісін тағып, Марат Тайтулеуовқа (Марганец байыту фабрикасы), Ержан Жақсыбековке («Үшқатын-3» кеніші), Ибрагим Ибадильдинге («Үшқатын-3 кеніші), Амантай Исаевқа (темір жол цехы), Марат Орынбаевқа (Қосалқы көліктер цехы), Ғабиден Сүлейменовке (Жар жұмыстар цехы) «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасын, Манат Мұздараповқа (Байыту фабрикасы), Жанболат Садуақасовқа (Марганец байыту фабрикасы), Сағи Сүлейменовке («Үшқатын» карьері), Берік Түктібаевқа (тау-кен көліктер цехы), Мылтықбай Тұрысбековке («Батыс» кеніші) «Қазцинк» ЖШС Бас директоры Ю.Гусевтің Құрмет грамотасын табыстады.

Ал, кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Шыңғысбаев 12 жұмыскерге «Казпрофметалл» тау-кен металлургиялық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын табыстады.

Қаражал қаласының әкімі Қ.Шорманбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, Бақыт Әбілдиноваға (Химиялық зертхана), Қуат Бөденовке (Жөндеу-механикалық базасы) Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын, Шұғыла Усмановаға (Геофизикалық зертхана), Виталий Голубинскийға (Тау-кен көліктер цехы), Қанымкүл Елеусізоваға (Қойма шаруашылығы) Қаражал қаласы әкімінің Құрмет грамотасын, Гүлжан Омароваға (Энергия цехы), Гүлнәр Қаппароваға (Жөндеу-құрылыс цехы), Надежда Тумашоваға (ҒҚжЖК) Қаражал қаласы әкімінің Алғыс хатын, Марлан Шамбуловқа (Жөндеу құрылыс цехы), Серікбай Сырттанбековке (Өндірістік-диспетчерлік бөлім) «НұрОтан» партиясының Құрмет грамотасын табыстады.

Лайықты деп танылған 20 жұмыскерге бағалы сыйлықтар ұсынылды. Аталған барлық Құрмет грамоталар, Алғыс хаттар иелерінің есептік шоттарына комбинат тарапынан бөлінген қомақты қаражат аударылды, сонымен қатар, комбинат жүйесінде 25 жыл және одан жоғары еңбек өтілі бар 107 жұмыскерге сыйақы беріліп, комбинаттан зейнеткерлікке шыққан 220 зейнеткерге азық-түлік жиынтығы таратылды. Жиналған қонақтарға «Казцинк» логотипі бейнеленген 200 шар мен 200 жалау тегін таратылды.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мерекенің көрігін қыздырып, Жәйрем сахнасын, Жәйрем көгін «Роза әндерімен» көмкерді. «Жәйрем шақырады, Металлургтер шақырады, Шахтерлар шақырады» деп ән салған Роза Қуанышқызының концерттік бағдарламасын, тек, Жәйрем халқы ғана емес, Қаражал қаласынан арнайы шақырылған ақсақалдар, қаланың Құрметті азаматтары, сонымен қатар, Жезқазған қаласынан, Жаңаарқа ауданынан келген көрермендер де тамашалады. Жергілікті әншілер мен Қарағанды қаласынан шақыртылған әншілер де жиналғандар көңілінен шықты. Мерекелік отшашуды қызықтаған жергілікті халық та, келген қонақтар да ұйымдастырушыларға, өнерпаздарға, мерекені әдемі жүргізе білген комбинат экономисі Нүриддин Атажановқа және мамандарды даярлау бөлімінің жетекші инженері Айнұр Дүйсекеновға деген ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Металлург күніне арналған спорттық сайыстар да тартысқа толы өрбіді. Комбинат цехтары арасында болған сайыста жүгіруден 1 орын – Марганец байыту фабрикасы, 2 орын – Тау-кен көліктер цехы, 3 орын – Жару жұмыстары цехының еншісіне тисе, шағын футболдан 1 орынды – Марганец байыту фабрикасы, 2 орынды – Энергия цехы, 3 орынды Тау-кен көліктер цехы иеленді. Волейболдан 1 орын– Тау-кен көліктер цехына, 2 орын – «Үшқатын» кенішіне, 3 орын Темір жол цехына бұйырды. Стол теннисінен 1 орын – Е.Дастановқа, 2 орын – А.Қовдобайға, 3 орын І.Ертісбаевқа тиді. Кір тасын көтеруден Д.Әбілхасов, А.Жанбосынов, Т. Мәуленин сияқты білекті жігіттер алдарына жан салмады.

Барлық жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Өз тілшімізден.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button