Қаражал
Жәйремде Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Жәйрем кентінде Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұған кенттің 9 мың тұрғыны құжат алу үшін Қаражал қаласына баруға мәжбүр болған. Енді бұл қызметті алысқа ұзамай-ақ алуға болады.
Көптен күткен орталықтың ашылу салтанатында Қаражал қаласының әкімі Тлектес Досаев, облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Гүлмира Сүлейменова және Қаражал қаласының құрметті азаматы Айтбай Токумбаев сөз сөйледі.
Орталықта 7 адам қызмет етеді. Сонымен қатар, көші-қон полициясының учаскесі орналасқан.