Жүйелі жұмыс – жемісті

      Өткен сенбіде облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, азаматтардың тұрақты және уақытша тіркелуіне жасалған жағдайлармен танысты.

6-28 қаңтар аралығында тіркелген 32 мың азаматтың он мыңға жуығы уақытша тіркеуге тұрды. Биылғы 17 қаңтардан бастап, атал­ған орталыққа бармай-ақ, элект­ронды үкімет порталы арқылы да тіркеуге тұру мүмкіндігі пайда болды. Аймақ басшысы атап өткендей, облыстың халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың жүйелі жұмыс жасауының нәтижесінде, тұрғындарды тіркеуге қатысты келеңсіз жайттар орын алған жоқ. Сонымен қатар, облыста осы орталықтың жедел тобы да құрылған. Бұл топ оқу орындарына, әскери бөлімдер мен ауруханаларға барып, азаматтарды тұрған жеріне тіркейді. Жоғары оқу орындары басшыларының мәліметінше, облысымызда он бес мыңға жуық өзге қалалардың студенттері бар. 8 жоғары оқу орнында жылжымалы тіркеу пункттері жұмыс жасайды. Бұған қоса, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзар­тылып (08.00-ден 20.00-ге дейін), сенбі-жексенбі күндері де қызмет жасауға көшкен.

– Біздің статистикамыз бойынша, көші-қон бөлімі 17 минутта 24 адамға қызмет көрсетіп үлгереді. Стандартқа сәйкес, қызметті күту уақыты – 20 минуттан. Азаматтардың көптеп келуіне қарамастан, біз бұл уақыт өлшемін бұзбаймыз. Нәтижесінде, күніне 200 адам тіркеліп үлгереді, – дейді халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Сәуле Базарбаева.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Қарағанды қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.