Жүйелі жұмыс жүргізілуде

   Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа төмендегідей анықтама береді. Ол: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Қазіргі кезде заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Мемлекетте сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша белсенді түрде жұмыс атқарылуда.

Елбасы жылдағы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында сыбайлас жемқорлықты болдырмау онымен барынша күресу тек қана құқық органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың міндеті және бұл бүкіл халықтық іс екендігін айтқан болатын .

Қазақстан Республикасының заңнамаларын орынды және дұрыс қолдану мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес «ҚР АШМ ВБжҚК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-не және оның 12 қалалық және аудандық инспекцияларында ай сайын нормативтік-құқықтық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі–азаматтар мен заңды тұлғалар арыздарын қарау нәтижелеріне мониторинг жасау және тұлғалар жүгінісін бірыңғай есепке алу бағдарламасы бойынша есеп жүргізу жүйесінің тиімділігі болып табылады. «ҚР АШМ ВБжҚК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-ге көптеген өтініштер мен хаттар келіп түседі. Сол өтініштер мен хаттардың бәріне уақытылы жауап беріледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, әкімшілік мемлекеттік лауазымдық қызметке қабылдау конкурс негізінде және арнайы тексерістен өту нәтижесінде жүзеге асырылады. Жыл сайын инспекцияның барлық мемлекеттік қызметкерлері Салық комитетіне жеке табыстары туралы декларация тапсырады. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметке қабылданғанда міндетті ант пен шектеулер қабылдайды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Ж. Күлтебай,

«ҚР АШМ ВБжҚК Қарағанды облыстық аумақтық

инспекциясы» ММ-нің

қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің

бас маманы-заңгер.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.