Жаңалықтар

Зергер құралы

Газеттің 24 ақпан күнгі №23 санында «Сауалына – жауабы» айдарында «Араб жазуы» тақырыбында сауалымызды жолдаған едік. Сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған – Қарағанды қаласының тұрғыны Ақылбек БАЙЖҰМАНОВ.

«Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы XI ғасырдан-ақ басталатыны аян. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің қазірде мағұлым болған тұңғыш нұсқасының бірі – «Құдатғу біліг» (1069 жыл) дастаны. Бұл ғақлия дастанының араб әрпімен жазылған Наманган және Каир қолжазба нұсқалары шамамен XII-XIII ғасырларда көшірілген» делінген хатта.

***
Келесі сауалымызға назар аударыңыздар.
Қолөнер шеберлерінің жұмыс барысында түрлі дайындамаларды қысып ұстайтын атауыз, кемпір­ауыз, тістеуік, қысқаш, шымшықтұмсық, тағы басқа көмекші құрал-саймандар болады. Бұдан бөлек, әртүрлі сәндік бұйымдарды жасағанда зергерлер дәнекерлеу әдісіне жиі қолданатын бұл күнге дейін маңызын жоймаған құрал бар. Ағаш немесе мүйізден әзірленетін бұл құрал қалай аталады?

Сауал сырына үңілген
Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button