Жаңалықтар

Өзендерде жарылыс жұмыстары басталды

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыс аумағының 69%-ын қар жауып тұр. Облыста 4845 бірлік және 463 көпір көлемінде су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары аяқталды. Аймақтан 2 млн. 238 мың м3 қар шығарылды. 135 шақырым дренаждық траншеялар кесіліп, 185 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды.

Өңірде 22 наурыздан бастап өзендерде мұзды ұсақтау және қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұқар-Жырау ауданындағы Ботақара, Мұстафина, Жастілек, Петровка және Теміртау қаласындағы 7 учаскеде 3390 шаршы метр аумақта кесу-жару жұмыстары жүргізілді.

Су тасқыны кезеңіндегі ережелер мен іс-шаралар бойынша тұрғындармен белсенді профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша наурыз айының 3-ші онкүндігінің соңында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде, осыған байланысты ТЖД тұрғындарға аумақты қардан белсенді түрде тазалауды, арықтарды және тұрғын үйлердің жанындағы каналдар тазартуды ескертеді. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button