Зейнеткер жаяу жүргіншілер жолында адам қағып кетті
28 наурызда Қарағандыдағы «Гоголь» көшесінде Mitsubishi Delica көлігін тізгіндеген 78 жастағы қария жаяу жүргіншілер жолағында қала тұрғынын қағып кетті. Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша зардап шеккен ер адамның жасы 45-те екені мәлім болды.
Зардап шекен қала тұрғыны тез арада жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, ер адамның денесінде бірнеше сынық белгілері анықталған. Қазір аталған оқиға полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар жүргізілуде. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушіге қатысты шешім қабылданады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Оrtalyq.kz