Үздіктерге – ерен құрмет

    «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» «25 жұлдызды күн» акциясы шеңберінде 22 қараша – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілген-ді. Осыған сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Жандос ӘБІШЕВТІҢ төрағалығымен мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті.

Жиында қалалар мен аудан­дар әкімдерінің, облыстық бас­­қармалар басшыларының мем­­лекеттік рә­міздерді насихаттау барысындағы жұмыс­тары тыңда­лып, мекемелер ара­сындағы Мемлекеттік рәміздер бұрышы байқауының қоры­­тын­дысы шыға­рылды.

Байқауға барлығы 31 мекеме қатысты. Жиында Жандос Ақылсерікұлы үздік шыққан ұйымдар өкілдерін марапаттады.

Сонымен, «Білім беру меке­мелері арасындағы үздік мемле­кеттік рәміздер бұрышы» аталымында – Қарағанды облыстық тірек-қозғалыс жүйесіне зақым келген балаларға арналған мек­теп-интернаты, «Әскери бө­лім­дер, құқық қорғау органдары арасындағы үздік мемлекеттік рәміздер бұрышы» аталымында – Қарағанды облысының Іш­кі істер департаменті, «Дене шы­нықтыру және спорт мекеме­ле­рі арасындағы үздік мемле­кеттік рәміздер бұрышы» ата­лымында – Облыстық кешенді ма­мандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мек­тебі, «Мемлекеттік мекемелер ара­сындағы үздік мемлекеттік рә­міз­дер бұрышы» аталымында – Ұлытау ауданы әкімінің аппараты марапатқа ие болды.

Отырыс қорытындысында ко­миссия мүшелері Мемлекеттік рәміздер бұрышы байқауын жыл сайын өткізіп тұру туралы шешімге келді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.