АймақТеміртау

Үздіктер марапатталды

Теміртауда жыл сайын жаңа жыл мейрамы қарсаңында қала әкімінің «Altyn Samgay» сыйлығы беріледі. Биыл сол шара жалғасын тауып, үздік 63 спортшыға аталмыш сыйлық табысталды. Сонымен қатар, марапаттар қатарына жаңадан қосылған төрт аталым бойынша үздіктер анықталды. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев пен қала әкімі Ораз Тәуірбеков қатысып, марапат иегерліне сыйлық табыс етті.

Суреттер: Теміртау қаласы әкімдігінің сайтынан

Сыйлық алғаш рет олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен табысталды. Сонымен қатар тағы төрт жаңа номинация пайда болды.

– Біздің қала спорттық жетістіктерімен елімізде ғана емес, шетелде де танылды. Біз дайындық процесін қаржыландыру және ұйымдастыру, тиісті материалдық-техникалық базаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударамыз және ерекше бағалаймыз. Дәстүрлер одан әрі жалғасады. Келер жылы біздің жеңістеріміз бен жетістіктеріміз көп болсын, – деді Ораз Тәуірбеков.

«Жастарға үлгі» аталымына велоспорттан спорт шебері, әлем елшісі, Қазақстан спортының Құрметті қайраткері, ардагерлер арасында жеңіл атлетикадан ҚР бірнеше дүркін чемпионы Любовь Асанова лайық деп танылды. Жеңімпаз өз сөзінде:

– Бұл сыйлық ең алдымен маған жүгіруді жалғастыруға үлкен мотивация болды. Жүгіру – менің өмірім, мен онсыз тұра алмаймын. Мені ұмытпағаны жүрегіме жылу сыйлайды. Қазір спортты дамыту үшін біздің қаламызда көп нәрсе жасалуда. Бірақ жеңіл атлеттерге қыста жарысқа дайындалатын Теміртауда жабық манеж жетіспейді. Манеж – менің көптен бергі арманым, ол орындалады деп үміттенемін. Қазір ақпан айында Астанада өтетін жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмын. Жеңуге бел байлап отырмын, – деді.

Шара барысында барлық жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Соңы мерекелік концертке ұласты.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button