Үздіктер анықталды

     Таяуда «Шахтер» стадионында КТИ-дың есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар арасында дәстүрлі фестиваль өтті.

Облыстың барлық шаһарларынан қатысқан жасөспірімдер шағын футбол, үстел теннисі бойынша командалық сынға түсті. Жарысқа жоғары дайындықпен келген Теміртау қаласының командасы шағын футболдан қарсыластарын қапыда қалдырып бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қарағанды қаласы, үшінші орынға Саран қаласы тұрақтады.

Үстел теннисі бойынша Саран қаласы бірінші орынды, Қарағанды екінші орынды, Шахтинск қаласы үшінші орынды еншіледі.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.