Жаңалықтар

Запастағы әскери қызметшілерге әскери шендер табысталды

Қазыбек би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде запастағы әскери қызметшілерге кезекті әскери шендер табысталды. Аталған рәсім биыл тамыз айында әскери далалық оқу-жаттығу нәтижелеріне орай ұйымдастырылды.

Суретті түсірген Александр МАРЧЕНКО

Оқу-жаттығу жиыны Қорғаныс минис­трлігінің Қарағанды маңындағы «Спасск» полигонында ұйымдастырылған болатын. Оған Астана қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарынан шақырылған шамамен 1300 әскери міндетті азамат қатысты. Әскери жиын бір айға созылды.
Запастағы офицерлер мен сержанттарды Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің әскери кафедрасы бастығының орынбасары, запастағы полковник Ержан Шадыров құттықтап, әскери шендерін табыс етті.

Кезекті әскери шен алғандардың бірі – «Qarmet» АҚ-да еңбек ететін 27 жастағы Қуандық Қуанышбекұлы. «Бұрын мұндай оқу-жаттығуларға аса мән бермейтінмін. Ал, өз көзіммен көріп, қатысқан соң, оның қажеттілігі мен маңызын түсіндім. Бұл кәсіби тұрғыдан да, азаматтық жауапкершілік тұрғысынан да пайдалы тәжірибе болды», – дейді ол. Ол оқу-жаттығу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бағыты бойынша қайта даярлықтан өтіп, запастағы аға лейтенант шеніне ие болды.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button