АймақОсакаров

Заманауи мектеп – заман талабы

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Осакаров кентіндегі Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі қайта жаңғыртылды. «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры жүзеге асырған жобаның мақсаты – ауылдық және қалалық мектептердегі білім сапасы арасындағы алшақтықты азайту.

Заманауи мектеп теле-және АRT-студиясымен, тігін шеберханасымен, STEM-зертханасы және заманға сай оқу кабинеттерімен жасақталған. Білім ордасында робототехника, психолог, дефектолог, мектепалды даярлық кабинеттері бар.

– Ауылдық білім беруді қолдау қажеттілігі туралы сөз болғанда, ең алдымен тірек мектептерді көтеру керек. Өткен жылы білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп, 17 өңірде біз 17 ауылдық тірек мектептерін құрдық. НЗМ стандарты бойынша материалдық-техникалық базаны толығымен жаңарттық, мектепті талдаудан өткіздік, педагогтар мен оқу орнының әкімшілігін оқытуды жүргіздік. Үш жыл ішінде біздің серіктестеріміз әдістемелік сүйемелдеу жүргізетін болады. Қазір 17 облыста тағы 63 ауылдық тірек мектептерін құру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз, – деді мектептің тұсаукесеріне қатысқан «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев.

Тарихы тереңге тамыр тартқан аталмыш мектеп 2105 жылы үш қабатты жаңа ғимаратқа көшкен. Бүгінгі таңда 800-ге жуық оқушы білім алып жатқан оқу ордасында 86 педагог жұмыс істеуде.

– Бүгінгі күн осы мектеп пен бүкіл аудан үшін жаңа тараудың басталуы. Біз білім табысты болашақтың кілті деп санаймыз. Ал, тірек мектеп бүкіл облыс үшін сапалы білім берудің үлгісі болады. Бұл өңірдегі білім беруді тұрақты дамыту қорлары, “Қазақстан халқына” және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірлескен жобасы аясында жаңғыртылған екінші мектеп. Жоба бойынша биыл тағы алты мектеп жаңартылады, – деп атап өтті жаңартылған мектептің ашылу салтанатына арнайы барған аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button