"Сұлушаш"

Қызым, саған айтам

 

Ақылды, қарапайым.

Қазақ тілін жетік меңгерген, сонымен қатар, бірнеше шет тілдерін де білуі мүмкін.

Әрдайым жинақы, сүйкімді, әрі әдемі.

Ешқашан ішімдік ішпейді, темекі тартпайды.

Күйеуін жақсы көреді, күйеуі де оны жақсы көреді.

Балаларына деген махаббаты шексіз.

Өміріндегі ең басты мәселесі – оның отбасы, ондағы береке мен бірлікті ұстап тұру.

Кем дегенде бір ұл және бір қызды дүниеге әкеледі.

Күйеуіне алға ұмтылысы үшін күш береді.

Жұбайына сенімді және де қашан болсын ол оған нөмірі бірінші адам.

Жақсы педагог.

Өз балаларын мақтан етеді және де олар анасынан «жаным сол, қошақаным, айым, күнім, ботам» деген сөздерді жиі естіп тұрады

Қазақ келінінде күйеуінің ойынан басқа тәуелсіз өз ақылы, ойы бар

Қай уақытта болсын өз кеңестерімен күйеуіне көмектесе алады 

Үйде күйеуінің басты адам екенін біледі және де маңызды мәселелерде ең соңғы шешімді күйеуінің айтуы шарт екенін біледі.

Күйеуінің жұмыстарына кіріспейді.

Өте мейірімді.

Күйеуіне қандай істің жақпай қалатынын біледі, әрі оны әрдайым естен шығармайды.

Күйеуінен ешқашан ештеңе жасырмайды.

Талғаммен киіне алады.

Өз ата-анасын және күйеуінің ата-анасын қадірлейді.

Әзіл-қалжынды жақсы көтереді, күлген кезде сәл жымияды.

Ешқашан балағат сөз айтпайды.

Бос сөз сөйлемейді, орынсыз мақтанбайды.

Ет пен қуырдақты және т.б. тағамдарды жақсы пісіреді.

Мал етінің сапасын жақсы айыра алады, «шай құю» рәсімін толық меңгерген.

Әр жұма сайын шелпек-нан пісіру үшін ол ерте тұрады, ең дәмді бауырсақтар жасай алады.

Үйі әрдайым жинақы болып тұрады.

Ол өз-өзін көпшілік ортада ұстай алады және керек болса қалаған тақырыпқа пікірталас өткізіп, өз ойын айта алады.

Автокөлік жүргізе алады.

Материал

ғаламтордан алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button