Қызылша: жағдай тұрақталып келеді
Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Аймақта қызылшаға қарсы күрес өткен жылдың 6 қарашасында басталған болатын. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгиннің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы осымен байланысты.

– Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай төмендеп келеді. Ақпан және наурыз айларының алғашқы алты күніндегі кезеңдермен салыстырғанда бір жарым есеге төмендеу байқалады. Ақпан айында орташа тәуліктік тіркелу расталған 21 жағдай, наурызда – 15. Аурудың төмендеуі қосымша жаппай иммундаумен байланысты, бүгінгі күні 60 897 адам екпе алды. Біздің облыс бойынша қамту көрсеткіші 87,5 пайызды құрады, – деді Юрий Залыгин.
Дегенмен, басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін екпелерді жедел алуды ұсынады.
– Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация екенін есте сақтаңыз, – дейді Юрий Залыгин.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ