Ресми

Қызметті жетілдіру – жетістік кепілі

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Есепті кезеңде тұрақты комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қарағанды облыстық мәслихаты ХІІІ сессиясының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №268 шешімімен бекітілген облыстық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүргізді. Барлық жұмыс перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарлары мен облыстық мәслихат сессияларының шешімдері, жылдық жұмыс жоспары мен комиссия қаулылары негізінде құрылды. Отырыстар уақытында өтті, жоспарланған барлық мәселелер қаралды.

Есепті кезеңде әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия (бұдан әрі – комиссия) 7 отырыс өткізді (жоспар бойынша 8 отырыс болды, бірақ комиссия төрағасының қызметтік жазбасына сәйкес, 18 сәуірде және 16 мамырда жоспарланған комиссия отырыстары 2019 жылғы 11 сәуірде өткізілді), олардың қорытындысы бойынша 16 қаулы қабылданды (2018 жылы 4 отырыс өткізілді, 9 қаулы шығарылды).
Комиссияның депутаттары 31 лауазымды тұлғаның баяндамаларын тыңдады, отырыстарға 82 адам қатысты (2018 жылы – 49).
2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, комиссия өз отырыстарында төмендегі 11 мәселені қарады:
– Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Қарағанды облысында іске асыру барысы туралы;
– Қарағанды облысының кітапхана жүйесінің жағдайы мен даму болашағы туралы;
– Қарағанды облысында халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жағдайы мен даму перспективалары туралы;
– Қарағанды облысында бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы туралы;
– Қарағанды облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша 2017-2019 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру барысы туралы;
– Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Қарағанды облысында іске асыру барысы туралы;
– Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласын дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы;
– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру барысы туралы» жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының есебі;
– Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы;
– Қарағанды облысының мұрағат саласының жағдайы мен даму болашағы туралы;
– бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде бюджет жобасын қарау туралы.
Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында, Қарқаралы ауданында орналасқан кәсіптік және техникалық білім беру саласын дамыту мәселелері бойынша өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша комиссия «Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жағдайы мен перспективалары туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы XX сессиясы №357 шешімінің іске асырылуына депутаттық бақылауды одан әрі жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Депутаттар колледждердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту және Жезқазған қаласындағы кәсіпорындардың техникалық жарақтандырылған, қазіргі заманғы базаларында студенттердің тәжірибесін ұйымдастырудың оң тәжірибесін тарату қажеттілігі туралы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, жан басына, сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ескере отырып, кредиттік оқыту технологиясы» бұйрығына сәйкестендіру ұсынылды.
Тұрақты комиссия облыстағы мұрағат саласының жай-күйі мен даму перспективасы мәселесін қарап, уәкілетті органға мұрағаттық ақпараттық технологиялар арқылы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, іздеу және беру процестерін автоматтандыруды енгізуді жалғастыру қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізді. Комиссияның бастамасымен 2019 жылы мұрағат ісін дамыту үшін қосымша 57 млн. теңге бөлінді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қаржы басқармасымен бірлесіп, 2020 жылы облыстық бюджетті нақтылау кезінде (150 млн. теңге) мұрағаттар үшін жабдықтар (серверлер, кітап, планшет, ағынды, кең форматты, планетарлық сканерлер, сақтандыру қорын құру үшін зертханалар) сатып алуға қажетті бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды, олардың орындалуы – тұрақты бақылауда. Бейінді мәселелерді талқылау кезінде депутаттар сындарлы ұсыныстар мен ескертулер енгізеді, олар назарға алынады және шешімді түпкілікті қабылдау кезінде ескеріледі.
Комиссияның қызметі облыстық мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларымен, облыстық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін маңызды, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қарау жөніндегі, денсаулық сақтау, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, жастар саясаты, сондайақ халыққа әлеуметтік көмек көрсету, медициналық қызмет көрсету, білім беру жүйесінің жағдайы мен даму перспективасына қатысты өзге де уақытша жұмыс комиссияларындағы әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста болды.
Депутаттар әкімдердің облыс аудандары мен қалаларының тұрғындарымен кездесулеріне белсенді түрде қатысады, атқарушы органның консультативтік-кеңесші органдары мен кеңестерінің мүшелері болып табылады. Осының барлығы атқарушы органдармен өзара байланысты жақсартуға және ақпараттандыруды арттыруға, туындаған мәселелерді шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Комиссия атқарушы органдардың салалық бөлімдерімен байланысты қолдайды, олардың басшыларының мәслихат шешімдерін іске асыру жөніндегі есептерін қарайды, сессияларда баяндамалар мен қосымша баяндамаларды, оның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қорытындыларды ұсынады, жергілікті жерлердегі істердің жағдайын зерделеу және жиналған проблемаларды шешу үшін облыстың проблемалық аудандары мен қалаларына барады.
Комиссия отырыстарында талқылаудың маңыздылығы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, жастар саясаты және мәдениет мәселелері басым болып табылады.
2019 жылғы сессияға және тұрақты комиссиялар отырыстарына сұрақтарды дайындау кезінде депутаттардың тұрақты және уақытша комиссиялар жұмысына қатысуын талдау, сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындау мен өткізуге, жұмыс топтарының өңірлерге шығуларына белсенді қатысқандығын көрсетті.
Олар жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттарға талдау жасап, тәуелсіз баға берді, өзекті мәселелерді көтерді және оларды шешу жолдарын ұсынды, олардың барлық ескертулері кейіннен мәслихат шешімдерінде өз көрінісін тапты, үнемі өңір тұрғындарының мүдделерін қорғап отырады.
Депутаттардың сайлаушылармен жұмыс нысандарының бірі азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Депутаттар өз сайлау округтерінде қабылдауларды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.
2018 жылдың басынан депутаттар сайлаушылармен 40 кездесу өткізді (2018 жылы – 38), 94 жеке қабылдау (2018 жылы – 91), 560 адам қабылданды (2018 жылы – 367), әртүрлі инстанцияларға 156 өтініш қаралды және жіберілді (2018 жылы – 105) (С.Әдекенов – 15 өтініш (2018 жылы – 13), Ғ.Жарылғапов – 14 өтініш (2018 жылы – 10), С.Брамонтова – 15 өтініш (2018 жылы – 11), Б.Шыңғысов – 66 өтініш (2018 жылы – 39), М.Ибатов – 28 өтініш (2018 жылы – 19), Л.Мухутдинова – 2 өтініш (2018 жылы – 2), А.Мағзұмов – 2 (2018 жылы – 2), Б.Түкбаева – 14 (2018 жыл – 9).
Азаматтардың 156 өтінішінен: 116-сы оң шешілді, 40-ы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді, тиісті органдарға сұраныс жасалды. Барлық мәселелер бойынша нақты түсініктемелер берілді, депутаттар тарапынан көмек көрсету және жәрдемдесу арқылы оң шешілген мәселелер аз емес.
Барлық депутаттар, комиссия мүшелері өз округтерінде үлкен жұмыс жүргізіп, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайтынын атап өту керек. Өз құзыреті шегінде мәселелерді шешуге жәрдемдесіп, шамаларына қарай көмек көрсетеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, сұрауларды, хаттарды уақытылы жібереді.
Өтініштерді талдау көрсеткендей, проблемалардың көпшілігі ТКШ-мен, заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етумен, тұрғын үй мәселелерімен, әлеуметтік қамтамасыз етумен және медициналық көмек көрсетумен байланысты. Депутаттардың көмегімен жекелеген азаматтарды жұмысқа орналастыру, азаматтардың жекелеген санаттарын дәрідәрмекпен қамтамасыз ету, коммуналдық мәселелерді шешу, түрлі емдеу мекемелеріне емдеуге жатқызуға көмек көрсету, елді мекендерді абаттандыру, қардан тазалау және автожолдарды жөндеу сияқты алуан түрлі проблемалық мәселелері шешілді. Комиссия төрағасы С.Әдекеновтің тұрақты бақылауында әуежай, Құрылыс ауылы ауданындағы мазарларға апаратын облыстық маңызы бар жолды жөндеу мәселесі болды. Оның белсенді азаматтық ұстанымының арқасында облыстық маңызы бар «Қарағанды – Үштөбе – Құрылыс» автожолының 9-18 шақырымдық учаскесін қайта жаңарту үшін облыстық бюджет жобасында 2020 жылға 20 млн. теңге жоспарланған.
Депутаттардың алты ұсынысы Қарағанды облысының әкімімен болған кездесуде қаржылық қолдау тапты. Депутат А.Түкбаеваның белсенді азаматтық ұстанымының арқасында «ТжКБ ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы» мәселе оң қаралды. 2020 жылға арналған облыстық бюджет жобасында кәсіби мамандықтардың барлық студенттерін жан басына қаржыландыру және ыстық тамақпен қамтамасыз ету шығындары білім басқармасының мәлімдеген қажеттілігіне сәйкес толық көлемде ескерілді. «Ақтоғай ауданы – Жәмші» автожолын күрделі жөндеу, Балқаш қаласынан «Балдәурен» сауықтыру лагеріне дейінгі автожолды орташа жөндеу, «Қызыларай – Қаратау – Ақтоғай» жолын күрделі жөндеу мәселесі назардан тыс қалған жоқ.
Депутат С.Әдекенов Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжінің жатақханасы мен оқу корпусын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. 2019 жылы «М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК үшін жатақхана құрылысын бастауға қаражат бөлінді. Сомасы – 10 млн. теңге. 2020 жылға арналған облыстық бюджет жобасында құрылысты жалғастыруға 300 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған. ЖСҚ құрамында жатақханада жататын студенттерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін екі бактың құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ, академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды, ТжКБ ұйымдарын орталық жылу жүйесіне қосу мәселесі қаралды.
Комиссия қызметінің нысанының бір түрі – бұл бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін белсенді пайдалану. Комиссия отырыстарының ақпараттық хабарламалары облыстық газет беттерінде, облыстық мәслихаттың сайтында үнемі жарияланады.
Есепті кезеңде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс шеңберінде тұрақты комиссияның мүшелері 89-дан астам мақала, сұхбаттар мен пікірлер жариялады. «SARYARQA» облыстық телеарнасында, «5 канал» телеарнасында және облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінде тұрақты бағдарламалар мен «Ойталқы», «В интересах людей», «Человек труда», «Постскриптум», «Халық және депутат», «Депутаты за работой» айдарлары бар, онда депутаттар тұрақты түрде белсенді қатысады.
Қайырымдылық және меценаттық қызметте комиссия мүшелері белсенді түрде атсалысады. Арыс қаласында ТЖ кезінде бейқам қалған жоқ. Бектау-Ата шатқалындағы «Факел» лагерінде балалар қабылдау үшін қаражат аударылды.
Тұрақты комиссия облыстың жұртшылығымен және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесін үнемі кеңейтеді. Жалпы халықпен және сайлаушылармен тығыз байланыс жүзеге асырылады.
Бұдан әрі тұрақты комиссияның жұмысын жақсарту үшін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау объектілеріне барумен көшпелі отырыстар өткізуді, қандай да бір мәселелер бойынша жария тыңдаулар өткізуді жоспарлап отырмыз.
Тұрақты комиссияның депутаттары алдағы уақытта да өз қызметтерін жетілдіретініне және жақсартатынына, атқарушы органдармен, қалалық және аудандық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен өзара іс-қимылды нығайтатынына және облыс халқының игілігі үшін жемісті еңбек ететініне сенімдімін.

Серғазы ӘДЕКЕНОВ,
облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button