Ұлытау

Қыс – қыр астында

Қыс – қыр астында. Осыған орай, жуырда Ұлытау ауданында «Қыс – 2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Дәстүрлі шара республикалық маңызға ие.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаевтың қатысуымен өткен жаттығу жұмыстарының мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, тиісті органдардың әзірлігін пысықтау. Сәйкесінше, биылғы жиынның тақырыбы – «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау». Оқырман жақсы білер, ұлт ұясы Ұлытаудың да қысы қаһарлы келеді. Сондықтан, аталмыш шараға аудандағы мекемелердің негізгі дені қатысты. Атап айтқанда, олардың қатарында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ №44 ЖЖУ бөлімі, ауданның қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі, ауданның көпсалалы комму налдық шаруашылық кәсіпорны, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі №49 өрт сөндіру бөлімі, ауданның ішкі істер бөлімі, ауданның құрылыс бөлімі, аудандық орталық аурухана, ауданның орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ұлытау шаруашылығы бөлімі, Ұлытау селолық округі және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бар. Барлығы 60-тан астам адам мен 19 техника жұмылдырылды.

Жаттығу барысын бақылап көрген аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаевқа тиісті бөлім басшылары құтқару қызметтерінің сапасы жөнінде баяндады. Оқу-жаттығу кезінде азаматтық қорғаныстың апаттық-құтқару қызметіндегі күштері мен құралдарының да йындығы, жедел жәрдем қызметінің дәрі-дәрмек мөлшері, азық-түлікпен, жанар-жағармаймен қамтылуы негізге алынды.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары көрсеткендей, Ұлытау ауданында қыс мезгіліне қамданыс тиянақты. Мәселен, аудандағы шұғыл әрекет қылу топтары медициналық, қоғамдық тәртіпті сақтау, құтқару, байланыс, авариялық-техникалық құрылымдар, материалдық-техникалық жабдықтау, көлікпен қамту салалары бойынша көптеген арнаулы техникалармен, мамандармен, қажетті құралдармен толық жабдықталған.

Шара қорытындысы бойынша, шұғыл әрекет қылу топтарына нақты тапсырмалар берілді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button