АймақТеміртау

Қысқы бақтың кереметі

Теміртау қаласындағы көрікті орындардың бірі – Қысқы бақ. Биыл 16 қаңтарда оның ашылғанына 30 жыл толды. Бұл осы қаланың ғана емес, облысымыздың да мақтанышы. Осында келетін қала қонақтары мен туристер Қысқы бақтың керемет көріністеріне таңдай қағып, тамсанады.

Бақта әлемдегі тропикалық, субтропикалық аймақтар мен шөл даланың 120-дан астам экзотикалық өсімдік түрлері өсіріледі.

Аталған бақтың көгалдандыру жөніндегі шебері Салтанат Тәңірбергенова:

– Біздің бақта 30 жылдан бері агава және фуркрея сияқты сирек кездесетін өсімдіктерді де өсіріп отырмыз. Олар өз топырағында 40-50 жылдан кейін ғана жеміс төксе, бізде 25 жылда өнімін берді. Соның ішінде фуркрея болса 15 жылда бір-ақ рет гүлдейді екен. Өткен жылы Үндістаннан бізге фикус көшеті әкелінді. Үнді монахтарының айтуынша, ол қасиетті ағаш көрінеді. Оны баққа отырғызып ек, жақсы жетіліп келеді. Қазір осы бағымыздағы ағаш, өсімдіктеріміздің жапырақ, бұтақтарын ақпан айына дейін кесіп-қырқып, сәндеумен шұғылданудамыз, – деген еді.

Теміртаудың Қысқы бағына көрік беріп тұрған өсімдік дүниесінің арасында Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев өз қолымен отырғызған кипарис және олеандр бұталары да бар.

Ержан ИМАШ,

ТЕМІРТАУ

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button