Теміртау

Қысқа қапысыз қамданыс

    Теміртауда табиғаттың тосын мінезіне төтеп берер тыңғылықты істер атқарылуда. Бұл жөнінде Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Арман АЛПЫСБАЕВ құлағдар етті.

Бүгінде металлургтер шаһарында қыс мезгілінде төтенше жағдайларға қарсы, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы топ құрылған. Оның құрамына 116 адам, 54 техника жұмылдырылған. Апатты жағдайлар орын алған жағдайда, бірлескен іс-қимыл жүргізетін жоспар бекітіліп, пысықталған. Қалалық өртке қарсы қызмет саласының автопаркі техникалармен толықтай жабдықталған. Облыстық бюджет қаражатына 30 орындық қуатты «КамАЗ» көлігі сатып алынған.

Арман Алпысбаевтың айтуынша, кейінгі екі қыста республикалық және облыстық тас жолдарда 12 рет құтқару жұмыстары жүргізіліп, 316 адам, 27 техника қауіпсіз жерлерге жеткізілген. Теміртау қаласынан бұл жұмыстарға 60 жеке құрам қызметкері мен 23 техника тартылған. Табиғаттан зардап шеккендерге 5 жылыту орны әзірленген. Қар жиі алып қалатын жол бойлары анықталып, ара қашықтықтары белгіленген. Теміртау қаласы аймағы бойынша қалың қар басатын 8 жер бар екен. Оның ішінде, қаладан шыға берістегі оң жағалау, Токаревка кентінің, Ақтау кентінің жолы қар тез басатын учаскелерге жатқызылып отыр. Сонымен қоса, биыл 16-18 қараша аралығында республикалық «Қыс-2016» командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілмекші. Аталған оқу-жаттығуларында қаланың барлық бөлімшелері бағын сынамақшы. Мұндай игі шаралар қысқы жағдайда құтқару жұмыстарының ойдағыдай жүргізілуіне және әзірлігіне кепілдік бола алатындығына ТЖБ қызметкерлері сенімді.

Нұрдос КӘРІМ

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button