Жаңалықтар

Қыруар қаржы қауіптің бетін сейілте ме?

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыс алаңындағы қауіпсіздікті сейілту үшін арнайы әзірленген жаңа крандарды сатып алуға 8 млрд. теңге қаржы бөлді.  

Сатып алынатын барлық крандар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үшін арнайы әзірленген. Оның температура дачигі, режимі, қауіпсіздік техникасы жоғары талаптарды ескере отырып жасалған. 

Крандарды ауыстыру бағдарламасының өзі бірнеше кезеңге бөлінген.

– Бірінші кезеңде прокат-1 және конвертер цехы үшін – 7 кран, екінші кезеңде прокат-1,2,3 цехтары мен конвертер цехы, әктас күйдіру цехы үшін – 18 кран болды. Үшінші кезеңде сол бөлімшелерге 12 кран жіберілді. Қазіргі уақытта Қарағандыдағы «АСЭП» компаниясымен келісім-шарт жасалып, инженерлік жұмыстар дайындалды. Ал, құрал-жабдықтар Siemens, Schneider Electric компаниясынан сатып алынуда. Жобаны 2024 жылдың қаңтарында іске асыру жоспарланып отыр, – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ техникалық директоры Константин Цимбал.

Монтаждау жұмыстары жергілікті компаниялар «Имсталькон-Т» мен «Техол-монтажға» тапсырылған.

Тағы бір маңызды жайт крандарды жаңғырту оларды арнайы құрылғылармен жабдықтау арқылы қауіпсіздік пен жабдыққа  деген сенім артады. Кран машинистеріне барынша қолайлы жағдай жасалады. Барлық жүргізуші кабиналары еңбек операцияларын бақылауға арналған механизмдердің визуализациясымен және камералармен жабдықталған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button