Жаңалықтар
Қырғызстанда газдалған анар сусынын сатуға тыйым салынды
Қырғызстанда Ауғанстаннан әкелінетін «Golden life» газдалған анар сусынына тыйым салынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz qaztaspanews Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Аталмыш сусын дүкен сөрелерінен алынып тасталуда. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бұйрығына сусын талаптарға сай келмейді екен. Бұл шара халықтың, соның ішінде балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Сусынның құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне әсер ететін азорубин Е 122 бояғыш заты бар.
Бұл сусын Қазақстанда да сатылады, әрі бағасы төмендігіне байланысты өтімді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.