Бас тақырып

Қыр қанаттандырған қыран

Сырда туып қазақ поэзиясының көгіне қырдан қанаттанған өзінің баладай аңғалдығымен саналы ғұмырын өлеңге арнаған аяулы ақын Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫНЫҢ фәниден бақиға аттанғанына көп болған жоқ. Мерейлі 70 жасын өзін қаламгер ретінде қалыптастырған Арқа төрінде атап өтпекші еді жарықтық. Дегенмен, ел-жұрты мен соңындағы іні-бауырлары ағаның көзі болмаса да мерейтойын ескерусіз қалдырмады. Сүлейлердің мекені Сыр өңірінен басталған ақынның мерейтойына арналған шығармашылық кештері Бетпақдаладан асып, Қарағандыға жетті. Шәкірті, қарымды қаламгер облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Бас редакторы Ерсін МҰСАБЕК бастаған қаламдас бауырлары ағаның тойын Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында дүбірлетіп өткізді. Ол Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің 90 жылдығына орай «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің қолдауымен Мағауия Сембай атындағы журналистерді қолдау қоры ұйымдастырған Ибрагим Бекмаханов атындағы «Тәуелсіздік тәтті ұғым, шырын дәмі» атты I облыстық жыр мүшәйрасы еді. Бұған дейін «Орталықтай» ордалы басылымның 90 жылдық аясында қаншама игі шара ұйымдастырғаны бұқараға мәлім. Ал, осынау ақын рухына арналған жыр мүшәйрасы соның қорытындысы.

«Болашақ» жоғары колледжінің студенттері ақын өлеңдерін жатқа оқып, шараның түндігін түріп бер­ ді. Аға тойында тізгін ұстаған Ер­сін Кәрібайұлы оның өткеніне шо­лу жасап, бүгінгі мұрасын баян етті. Ақынның жары Мәкеш Бекмаха­нованың кеудесіне «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің директо­ры Қамбар Ахметов басылымның 90 жылдығының мерейтойлық медалін тағып, құрмет көрсетті. Аталмыш ақындар байқауында 40­-тан астам жыр жүйрігі бақ сынаған болатын. Сайысқа қатысқан әр ақын Ибрагим ағаға, Тәуелсіздікке, «Орталықтың» 90 жылдығына және еркін тақырыпта өлеңдерін ұсынды. Ақындар жырла­рына төрелік етер қазылар қатарында ақындар «Ortalyq Qazaqstan» газеті Бас редакторының орынбасары Ілияс Мұқай және Қазақстан Жа­зушылар одағының мүшесі Руслан Нұрбай, сондай­ақ, белгілі қаламгер, «Қасым» журналының Бас редакто­ры Серік Сағынтай болды. Шара барысында ақынның қаламдас досы, ардагер журналист Қасым Орынбе­тов ақын жайлы тың естеліктерімен бөлісті. Ақын әлеміне бойлаған жұрт­шылықты Тәттімбет өнер колледжінің студенті Айбек Тәттімбек әуелеген әнімен одан сайын тебірентіп сал­ ды. Мұнан соң сайыстың ынталан­дыру сыйлығын (30 мың теңге) Қа­зақстанның Құрметті журналисі Ибрагим ағаның әріптесі, Серік Сек­сенұлының қолынан әріптесіміз Нұр­дос Кәрім, Асхат Қажытай, Мұқағали Сейітқазы алды.

Шараның көркіне айналған со­нау Алматы шаһарынан арнайы келген әнші Талант Құрманғалиев ақынның сөзіне жазылған әндерімен тыңдарман жұрттың жүрегіне жол таба білді. Оның ақынның 12 өлеңіне бірдей ән жазған талантты сазгер екенін атап өтпеске болмас.

– Газеттің 90 жылдығы аясында арнайы ұйымдастырылып жатқан шараның бірі бұл. Биылғы ағамыздың мерейтойы жыл түйіндейтін қоры­тынды шара десе де болады. Ибра­гим ағаға тоқталар болсақ, ағамыз көп жылын осы қарашаңырақта өндіріс және экономика бөлімі басшылығында қызмет етумен өткерді. Ол өзінің ақындығымен де, журна­листік жорғалығымен де оқырман ықыласына бөленген жан. Осы жылдың маусым айында жасы 70­-ке келер еді. Тойланбаған жетпісін қазыналы Қарағанды төрінде атап өтейік, сол кісінің атында осындай байқау ұйымдастырайық деген ниет­пен М.Сембай атындағы журналис­терді қолдау қорының қаржысына осындай деңгейде арнайы шара ұйымдастырылды. Осыған орай қатысқан 40­-қа жуық ақындар ара­сынан іріктеп, 10 ақынды алда­рыңызға үкілеп әкелдік, – деді Ерсін Кәрібайұлы.

Осылайша, көптен күткен III орын жеңімпаздары да сахнаға шақырылды. Олар Айдын Байыс пен Дәуренбек Бұланбаев. Мара­патты (75 мың теңге) арнайы га­зет ардагері Сүйіндік Жанысбай ағамыз табыстады. Ал, II орын ие­герлері деп Абай Ораз бен Мақсат Күземхан танылды. Оларға 150 мыңдық ақшалай сыйлық пен дип­лом берілді.

Жиылған қауымның екі көзі төрт болып тағаттары таусыла күткен I орын иегері де анықталды. Мүшәйраның 250 мыңдық қаржылай сыйлығы мен дипломын белгілі ақын Қайрат Асқаров олжалаған екен. Бас жүлденің 500 мың теңге серти­ фикаты Саят Тұяқбайға ұсынылды. Ал, ақынның жанұясы атынан жеке тағайындалған 300 мыңдық сыйақы әріптесіміз, ақын Жәлел Шалқарға табысталды. Бұл сыйды Ибрагим ағаның жары Мәкеш Бекмаханова табыстады.

Өлеңімен өмірін өрген ақын Сыр мен Қырда қатар танылып, Ұлытау мен Қарқаралы арасында өшпес ізі мәңгіге қалды. Ендігі жерде Ибрагим ағаның ел жүрегіндегі екінші өмірі басталды. Ақын рухына арналған кеш осыны баяндар көп айғақтың бірі ғана. Жиыннан соң жиылған қонақтар ақын құрметіне жары Мәкеш Бекмаханова жасаған Құдайы асқа барып, құранға қол жайды.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button