Қымбатты достар! Қадірлі жерлестер!

    Сіздерді келе жатқан жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!

    Өтіп бара жатқан жыл қазақстандық әрбір азамат үшін ерекше жыл болды. Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. Осынау тарихи сәтте жас республикамыз өзінің даму және гүлдену жолын саралады.

     2016 жылы Қарағанды облысы өзінің 80 жылдық мерейтойын тойлады. Тарихымыздағы күрделі әрі маз­мұнға толы сәттерінің есебін қорытындылады. Аймағымыз – елдің индустриалдық жүрегі. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктерге жетуіне қарағандылықтар да өлшеусіз үлес қосып келеді.

     Осы жылы біз Сіздермен бірге үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Әлемдік экономиканың дағдарыс уақытында елімізде, өңірімізде экономикалық өсімнің деңгейі сақталды.

     Біздің кәсіпорындар жаңғырды және бәсекеге қабілетті өнім өндірді, заманауи өндіріс ошақтары ашылды. Облыстың мыңдаған тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылды.

     Облыстың диқандары рекорд жаңғыртты. Ал, ауылшаруашылығы саласы шетелдік нарықтан ойып тұрып орын алды.

    Жаңа жолдар салынды, тұрғын үйлер, мектептер, бала бақшалар, емдеу мекемелері, спорттық құры­лым­дар бой көтерді. Жүздеген отбасылар бұл мерекені жаңа пәтерлер мен жаңа үйлерде қарсы алуда.

     Біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі нығая түсті.

     Бұл жетістіктердің барлығы әрқайсымыздың тынымсыз еңбегіміздің нәтижесі, қымбатты жерлестер. Біз Сіздерді ортақ үйіміз – Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында жасаған табанды еңбектеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Біз өзіміздің биік мақсаттарымыз бен асқақ армандарымызға қол жеткізу үшін әлі де ауқымды жұмыстарды атқаруымыз керек.

     Келе жатқан 2017 жыл елеулі әлемдік спорттық шара – Алматыда өтетін жаһандық Универсиада ойын­дарымен бастау алады. Сонымен қатар, 2017 жыл елі­міздің астанасында өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесімен есте қалатын болады. Бұл егемен Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістігінің айғағы болып табылмақ.

     Қымбатты қарағандылықтар!

      Біз жаңа 2017 жыл әрбір қазақстандық отбасы үшін табысты жыл болатынына сенімдіміз. Жаңа жыл елімізге берекесі мен тыныштығын ала келсін. Сіз­­дердің шаңырақтарыңыздан махаббат, береке мен бірлік кетпеуіне тілектеспіз. Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа бақыттарыңызбен!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың

хатшысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.