Жаңалықтар

Қылмыстық-атқару жүйесі жасағының үздік басшысы анықталды

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі жасағының үздік басшысы» байқауының екінші кезеңін өткізді.

 

Байқаудың бірінші кезеңіне 70-ке жуық қызметкер қатысып, екінші кезеңге облыстағы әр мекемеден 7 ғана өкіл жолдама алды.

Жасақ жетекшілерінің жұмысының біртұтастығын, оның имиджін арттыру, моральдық-психологиялық ахуалын жақсарту, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының сапасын және жалпы кәсіби өзегін құру шараның басты арқауы болды.

Байқауға қатысушылардың кәсібилігі мен шеберлігін құрамына бөлім басшылары кірген тәжірибелі қазылар алқасының мүшелері бағалады.

 

Қатысушылар кәсіптік және медициналық дайындықпен қатар сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа әдістері туралы бейнероликтер дайындап, қазылардың талқысына ұсынды. Байқау қорытындысын шығарған кезде қазылар алқасы үміткерлердің кәсіпқойлығын, сауаттылығын, сыртқы келбетін, шешім қабылдау жылдамдығы мен жауаптардың дұрыстығын, ұқыптылығын, өзін-өзі ұстай білуін, ұйымшылдығын, жеңіске деген жігерін және шығармашылық көзқарасын ескерді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынмен Николай Малевин (N33 түзеу мекемесі), ІІ орынмен Ерасыл Дөнентай (N35 түзеу мекемесі), ІІІ орынмен Азат Қасқабай (N29 түзеу мекемесі) марапатталды.
Жүлдегерлер республикалық байқаудың үшінші кезеңіне дайындалуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button