Жаңалықтар

Құқықтық кеңістік цифрлануда

Қазақстандық полиция қызметі негізінен билікті қорғауға бағытталған, халықтың қоғамдық тәртіпті қорғаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға аз дәрежеде көңіл бөледі деген түсінік берік қалыптасқан. Тек халықтың наразылығы күшейген кезде ғана билік реформаға дайындығын көрсете бастайды деген пікір де белең алып тұр. Негізсіз емес. 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының құқықтық стратегиялық даму жоспарының бір мақсаты құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту көзделген. Осы бағытта құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі ішкі істер органдары қызметтерінің әдіс-тәсілдерін жетілдіруді қажет етеді. Ол үшін қызметкерлердің біліктіліктері мен оларға қояр талаптарды арттыруды қамтамасыз ету жоспарлануда. Ішкі істер органдарына тән емес қызметтерді жоя отырып, қызметтерді тиімді бөлу және аса тиімді ұйымдастырушылық-басқару механизмін орнату қажеттігін де қаперде ұстауда. Мұның бастауы 2019 жылы ІІМ-нің қабылданған Жол картасында жатыр.

 

ҚР Президентінің №674 Жарлығы бойынша 2021 жылғы 15 қазандағы бекітілген «Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының» «Құқық қорғау мен сот жүйелерін және құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары» аталатын 5-бөлімінде: «Құқық қорғау органдары мен олардың қызметкерлері қызметінің тиімділігінің өзгермейтін түйінді өлшем-шарты халықтың сенім дәрежесі болып табылады. Көрсетілген өлшемшартты тұрақты, үздіксіз арттыру үшін олардың қызметін оның салдарымен күресуден және ведомстволық көрсеткіштерге қол жеткізуден құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде халықтың сенімі мен құрметіне ие қызметкерлерді мансаптық ілгерілету арқылы ауыстыра отырып, трансформациялауды жалғастыру қажет» делінеді.

Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұл жаңартулардан шет қалмақ емес. Олар сервистік модельдің рөлін өзінше айқындайды, өйткені «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» сынды шаралар өткізгенде халықпен, сондай-ақ мектеп оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл бойынша оңтайландыру жүргізілуде, мектептердің әкімшіліктері WhatsApp чаттарында тіркелген. Тиісінше бұл әрекеттер, жұмыстың сапалы орындалуына, жедел әрекет етуіне, құқық бұзушылықтардың алдын алуына тиімді болары анық. Оқушылар жағымды атмосфераны сезінеді және қызметкер мен олардың арасында сенімді диалог құрылады, бұл өте маңызды. Осы ыңғайда ЖПБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі инспекторлары №12 орта мектептің теміржол маңында тұратын оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, оларға теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері туралы бейнероликтер көрсету арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар сондай-ақ, темір жол бойындағы тәртіп ережелерін сақтауға, соның ішінде теміржол жолын кесіп өтуде темір жол бойында орналасқан арнайы белгілерге назар аударуға, теміржолда берілген сигналдық дыбыстарды тыңдауға және белгіленген орындардан ғана теміржолды кесіп өтуге шақырды. Мектептердің әкімшілігі мен желілік полиция бөлімінің аталған әкімшілік полиция бөлімшесі ортақ WhatsApp чаттарын жасасты.

Жансая СӘДУАҚАСОВА,

полиция майоры, Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы.

Басқа материалдар

Back to top button